
«Қаржылық есептілік аудиті» – бұл Қазақстан Республикасының мемлекет тік аудит және қаржылық бақылау сала сындағы заңнамаға сәйкес жүргізілетін мемлекеттік аудит типінің бір түрі болып табылады. Сәйкесінше жылына бір рет Тексеру комиссиясымен қаржылық есептілік аудиті жүргізіліп, бірқатар мем лекеттік аудит объектілерін қамту негізінде олардың қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есептері мен қаржылық есептіліктері тексеріледі.
Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау болып табылады. Де мек, мекеменің қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін көрсететін қаржылық есептілік, оның негізі болып табылатын бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін және дұрыстығын тексеру, баға беру.
Бұл ретте Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалары на сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың негізгі принципінің бірі «Есептеу принципі» екендігін естен шығармаған жөн. Дей тұрғанмен қаржылық есептілік ау дитін жүргізу барысында аталған негізгі принципті ұстанбау салдарынан бірқатар кемшіліктер анықталды. Мысал ретінде өткізіп беру – қабылдап алу актілерінің болуына қарамастан кейбір активтер (әсіресе құрылыс нысандары) өткізіп берген мекеменің бухгалтерлік есебінен сәйкесінше шығарылмаған немесе дер кезінде шығарылмаған. Бұл дегеніміз актив физикалық тұрғыда Мекемеде бол маса да оның бухгалтерлік есебінде, сондай-ақ қаржылық есептілігінде негізсіз тұру фактісі. Осыған қаржылық ұқсас облысымыздың есептілігінің анықтығына айтарлықтай әсер ететін маңызды қаржылық операциялардың бірі болып табылатын Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар мен ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді ерекше атап өткім келеді. Себебі бюджеттік қаты настар арасында жыл сайын берілетін бюджеттік кредиттер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын толтыруға бағытталған қаражат ар заңнамада көзделген тәртіппен бухгалтерлік есепте танылмау, қаржылық есептілікте көрсетілмеу фактілері жиі кездеседі. Бұл дегеніміз Мекеменің, тіпті жергілікті атқарушы органның тарапынан бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасында, шоттар корреспондециясында көзделген талаптарды сақтамау салдарынан активтер мен міндеттемелерге тікелей әсерін тигізетін Ұзақ мерзімді қаржылық инвес- тициялар мен Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді танымау. Жоғарыда айтылған жекелеген фактілер мен кемшіліктердің орын алу себебі айтылғандай «Есептеу принципі» сақталмау салдарына байланысты. Әр бір бастапқы құжат уақытылы немесе тиісінше бухгалтерлік есепке жазылып, көрініс табу қажет өйткені принциптің мақсаты кірістер мен шығыстар ақшаның нақты түсуіне немесе төленгеніне қарамастан, олар пайда болған кезеңде танылады және есепке алынады. Бұған қоса бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілікті жасауда тағы бір маңызы зор рәсімнің бірі – ол түгендеу (инвентаризация) жүргізу және оны жүргізу тәртібін сақтау. Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуір дегі № 169 бұйрығымен айқындалған мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу туралы қолданыстағы қағида бар (бұрынғы редакция 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрық). Аталмыш Қағидада активтер мен міндеттемелерге, балансың қалған баптарына кезеңдер бойынша міндетті жүргізілуге тиіс түгендеу тәртібі қарастырылған. Демек, бұл Қағида бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау процесін де ажырамас бөлігі деп айтсақ артық болмайды. Өйткені уақытылы және сапалы жүргізілген түгендеу механизімі бухгалтерлік есеп шоттарындағы деректердің дұрыстығын, нақты жай-күйін, болуын растауды қамти отырып, дайындалған қаржылық есептіліктің анықтығына, сенімділігіне ерекше әсерін тигізетін іс-шара. Жалпы айтқанда, тағы бір қоса кететін ақпарат, есеп пен есептілік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамала рында көзделген тәртіпке салғырт қарау. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік мекеме лерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасы туралы қолданыстағы редакция 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығының (бұрынғы редакция 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы) көзделген нормаларға мән бермеу салдарынан, активтерді немесе міндеттемелерді тиісінше классификацияламау. Мысалы, сатып алынан мүлік Ұзақ мерзімді актив ретінде танылуға тиіс екеніне қарамастан, оларды Қор ретінде немесе керісінше тәртіппен есепке дұрыс алмау фактілері кеңінен кездесуде. Айтылған кемшіліктер мен сәйкессіздіктер қаржылық есептілік аудиті тұрғысында қаржылық немесе рәсімдік бұзушылықтар болып сыныпталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республика сының Кодексінің 238-бабында көзделген бухгалтерлiк есепке алуды жүргізуден жалтару, бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқ ты бухгалтерлiк құжаттаманы жою бұзушылықтарының құрамы болып табы лады. Бұл ретте осы баптың тәртібімен лауазымды тұлғаға 100 АЕК айыппұл салу түрінде жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Осыларға бай ланысты, жоғарыда айтылған ақпаратты негізге ала отырып, бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікті жасауда нормативті-құқықтық актілерді қатаң ұстануға шақырамыз.
Ұ.Б.ТАНКИБАЕВ,
Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының бас инспектор-сарапшысы.
