
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының облыстық және аудандық мүшелері (Э. Рапилова, Қ. Көкебаев, Е. Жуанышбаев) Жетісу облысының табиғаты үшін өте маңызды кездесу өткізді.
Коалиция мүшелері “Алакөл орман шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен Жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылады.
🌿 Кездесудегі ең маңызды талқылау табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қорғау мәселелеріне арналды. Орман шаруашылығы қызметкерлері – біздің табиғи байлығымызды сақтаушылар.
Жаңа Конституция жобасында:
Жер мен табиғи ресурстарды қорғаудың мемлекеттік міндеті айқындалған;
Табиғатты пайдаланудағы ашықтық пен жауапкершілік күшейтілген.
Орман шаруашылығының қызметкерлері өздерінің күнделікті жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді. Бұл – Конституцияның халыққа жақын әрі нақты мәселелерге бағытталғанының дәлелі!
Біздің табиғатымызды қорғау – әрбір азаматтың және жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі!
