Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – жастардың армандарын жүзеге асыратын, кәсіби қалыптасуына берік негіз қалайтын ірі білім орталығы. Университетке түскен әрбір талапкер сапалы білім алумен қатар, өзін тұлға ретінде дамытуға мүмкіндік алады. ҚазҰУ студенттерге тек академиялық білім ғана емес, өмірлік дағдыларды меңгеруге де жағдай жасайды. Білім беру үдерісі заманауи әдістерге негізделген. Дәрістер мен семинарлар барысында студенттердің белсенділігі артып, топтық жұмыстар, жобалық тапсырмалар, зерттеу жұмыстары кеңінен қолданылады. Бұл тәсілдер болашақ мамандардың жауапкершілігін арттырып, кәсіби ойлау қабілетін дамытады. Университет қабырғасында алған білім студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді. Студенттік өмір де мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырылған. Университетте түрлі мәдени іс-шаралар, ғылыми форумдар, спорттық жарыстар өткізіледі. Жастар өз қызығушылығына қарай клубтар мен ұйымдарға мүше болып, көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Белсенді студенттер қоғамдық жұмыстарға қатысып, ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдайды.
ҚазҰУ-дың материалдық-техникалық базасы да жоғары деңгейде. Заманауи кітапхана, электронды ресурстар, оқу залдары студенттердің сапалы дайындалуына жағдай жасайды. Кампус аумағы қауіпсіз әрі қолайлы орта ретінде танылған. Жатақханаларда студенттердің тұрмыс жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Университет түлектері еліміздің әртүрлі саласында табысты еңбек етуде. Олар мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында, білім беру, бизнес және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді. Бұл – ҚазҰУ-дың білім сапасының айқын дәлелі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – үлкен мүмкіндіктер мекені. Мұнда білім алған жас өз қабілетін ашып, кәсіби әрі рухани тұрғыдан кемелденуге жол табады. ҚазҰУ – болашаққа сенімді қадам жасаудың ең дұрыс таңдауы.
Сатымбек Н.Т
Автор: Темірболат Н.С
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
