
Алакөл ауданындағы референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы игі іс аясында, Алакөл аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Штаб мүшелері бұл жиынды ерекше маңызды деп санайды, себебі спортшылар мен жаттықтырушылар – еліміздің болашағы мен денсаулығының тірегі!
Спортшыларға референдумның мәнін, жаңа жобада ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың қоғам өміріне тигізер әсерін жан-жақты және түсінікті жеткізу.
Жиын барысында штаб мүшелері референдумның жаңа жобасымен таныстырып, онда қарастырылған негізгі бағыттарға ерекше тоқталды: Азаматтардың әлеуметтік мүмкіндіктері мен жеке құқықтарының нығаюы. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар.
Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге бағытталған түзетулер.
Спортшылар мен жаттықтырушылардың қызығушылығы жоғары болды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Ашық форматта өткен кездесу барысында референдумның елдің стратегиялық дамуы үшін қаншалықты маңызды екені, әр азаматтың саналы және еркін таңдау жасаудағы жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Спортшылар өздерінің еңбектері мен жетістіктері арқылы елдің абыройын көтеретіні сияқты, референдумда да өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырылды.
