
Партияның желілік кестесіне сәйкес Конституцияның жаңа жобасын талқылау мақсатында аудандық коалиция мүшелері Үшарал қаласындағы «Алакөл» сауда үйінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның ел дамуы мен қоғам тұрақтылығындағы маңызы кеңінен айтылды. Сауда үйі қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Ашық әрі еркін форматта өткен жүздесу халықтың пікірін тыңдап, жаңа жобаның мән-маңызын түсіндіруге мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына жол ашып, ел болашағына бейжай қарамайтын қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.
