
З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерт өтті. Әйел-аналардың қоғамдағы орны мен еңбегін ұлықтауға арналған бұл мерекелік шара ерекше көтеріңкі көңіл-күйде ұйымдастырылды.
Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, түрлі салалардың өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар нәзік жандылар алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл – адал еңбек пен жауапкершіліктің, қоғам игілігі жолындағы қажырлы қызметтің лайықты бағасы.

Жиын барысында аудан әкімі А.Абдинов барша аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтадым. Әйелдер қауымының отбасы мен қоғамдағы рөлі, ел дамуына қосып отырған еңбегі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, ел өміріндегі маңызды саяси оқиға – 15 наурызда өтетін референдумға тоқталып, тұрғындарды белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.
