
Бүгін аудандық коалиция мүшесі Б.Сергазин Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру аясында С.Сейфуллин атындағы орта мектептің ұжымы және оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы туралы кеңінен айтылды. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу өтті.

Мұндай кездесулер халыққа маңызды өзгерістерді түсіндіруге, қоғаммен ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.
Еліміздің болашағына қатысты маңызды бастамаларға бейжай қарамай, белсенділік танытқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз
