Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 🤝

Бұл күн – халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан тағылымы мол, мәні терең дәстүрлі мейрамы. Көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіретін бұл мереке адамдарды жақсылыққа, татулық пен бауырмалдыққа үндейді. Амал күні – ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, қол алысып көрісіп, өткен өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілектерін арнайтын берекелі күн.

Халқымыз үшін бұл күн бірлік пен сыйластықтың, кеңдік пен мейірімділіктің айқын көрінісі болып табылады. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қоғамымыздағы татулық пен ынтымақты нығайта түсетіні сөзсіз.

Қадірлі жерлестер!
Осы жарқын мереке әр шаңыраққа құт-береке, қуаныш пен жақсылық әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Алакөл ауданында әрдайым бірлік пен береке салтанат құрып, ел игілігі жолындағы игі істеріміз көбейе берсін!

Көрісу күні құтты болсын!
Ізгі ниет пен ақ тілектер әрдайым ортамыздан табылсын! ✨
Құрметпен: Аудан әкімі А.Сапарғалиұлы

Мәліметпен бөлісу: