Аудан әкімі өз таңдауын жасады.

Өңір басшысы Алмас Сапарғалиұлы Абдинов Үшарал қаласындағы №45 сайлау учаскесіне барып, дауыс беру рәсіміне қатысты. Таңнан бастап тұрғындар үздіксіз келіп жатқан учаскеде аудан әкімі бюллетеньді сайлау жәшігіне салып, мұндай саяси науқаннан қалыс қалмау керек екенін айтты.

Өз сөзінде ол аудан жұртшылығын ел болашағына бейжай қарамай, әр азаматтың өз конституциялық құқығын пайдаланып, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.

Сайлау учаскесінде дауыс беру тәртібі сақталып, тұрғындар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Мәліметпен бөлісу: