Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 09. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Ұлттық құндылығымыз ұлықталды

Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра.

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана,

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

(Қадыр Мырза Әлі)

Ұлт биігін ұлықтаған Елбасы Н.Назарбаев соңғы екі жылдың басты резонансына айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы тағылымды туындысында тарихы тереңнен өрбіген төл мәдениетімізді сақтау, сол арқылы өзімізге ғана тән ділімізді дәріптеп, болмыс-бітіміміздің биігін насихаттау басты міндеттердің санатында екендігін жеткізген болатын. Осы орайда ықылым заманнан бері қазақ халқының қайғысы мен қуанышын, зары мен запыранан қоңыр үнінің құдыретімен әуелеткен қасиетті домбыраның қадір-қасиетін арттыру көзделген болатын. Сөйтіп Елбасының Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» ретінде бекітіліп, төл аспабымызға деген көзқарас өзгерді.

 

Жаңа мерекенің құрметіне орай «Жастар» аллеясында «Домбыра – асыл мұра» атты шара ұйымдастырылып, сол күнгі ауарайының қолайсыздығына қарамастан жүректерінде ұлттық аспабымызға деген құрметтері бар тұрғындар көптеп жиналды.

Сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Чалкенов көмейінен күмбірлі күй төгелген төл аспабымыз біздің қазақтығымыздың бейнесі, жеке-дара ұлт екендігіміздің айғағы екендігіне тоқталып, сыңғырлаған домбыраның сазды үні әр алаш баласының құлақ құрышын қандырып, жүрек қылын шертетінін баса айтты. Сонымен қатар алғашқы рет аталып отырған мерекемен өнер сүйер қауымды құттықтап, ақжарма тілегін ақтарды.

Артынша ауданымыздың бетке ұстар домбырашылары мен балалар шығармашылығы орталығынының тәрбиеленушілері «Тепеңкөк», «Келіншек», «Ыңғай төк» сынды халық күйлерін орындап, қоңыр үнді сағынған тұрғындарды бір серпілтіп тастады.

Сонымен қатар сирек кездесетін «Ортеке» өнерін меңгерген Нұрсан ақсақал өз қолымен ойылып жасалған ағаш мүсінін домбыра қылына жалғап, күй тарту арқылы ортекені билетіп, жиналғандарды тәнті етті.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

 

 

 

 

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov