
№46 сайлау учаскесіне келген 1000-шы келуші — Байнысанов Дидарға арнайы сыйлық табысталды.
Сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділік танытқан тұрғынға алғыс білдіріліп, естелік сыйлық ұсынылды. Бұл оқиға – тек жеке азаматтың ғана емес, елдің болашағына жауапкершілікпен қараған әрбір азаматтың үлесін көрсетуге арналған ерекше сәт.
Ұйымдастырушылар тұрғындардың саналы таңдауы мен белсенділігін жоғары бағалап, олардың әрқайсысын еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. Сайлауға қатысу – әр адамның өз пікірін білдіруі, елдің келешегін бірге құру жолындағы маңызды қадам.
