Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдумда дауыс берді. Ол таңдауын елордадағы «Астана Опера» театры аумағында орналасқан учаскеде жасады. 

Айта кетейік, ел көлемінде референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері азаматтар үшін таңғы сағат 07:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді, ал жекелеген аумақтық комиссиялар қажет болған жағдайда уақыт тәртібін ыңғайға қарай белгілей алады.

Биылғы жалпыхалықтық дауыс беруге бір ғана сұрақ шығарылды: «Бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған жобасы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауалға азаматтар өз ұстанымын білдіреді.

Референдум 2026 жылғы 15 наурызға Президент Жарлығымен белгіленген.

Мәліметпен бөлісу: