
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – республикалық референдумда өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.
Референдум – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік. Сондықтан мұндай тарихи сәтте әрқайсымыз белсенділік танытып, азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз қажет деп санаймын. Бұл – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын, халықтың еркін білдіретін маңызды қадам.
Мен, «Amanat» партиясының мүшесі, Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы ретінде барша аудан тұрғындарын референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Еліміздің ертеңі мен тұрақты дамуы – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Сондықтан әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысады деп сенемін.
Құрметпен, Ерғали Отарғалиұлы Шоқпаров,
Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы
