Елдос Баялышбаев: мақсатқа жету жолында талмай еңбек ету керек

Талдықорған қаласындағы «VIP ZHETYSU» кітапхансында «Асар»  спорттық оңалту  орталығы мен «Алакөл-Асар» демалыс орнының директоры, сондай-ақ «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының тізіміне енген Баялышбаев Елдос оқырмандармен кездесіп қайтты.

Жүздесу барысында Елдос өзінің өмір жолы жайлы баяндап, оқырмандарға құнды кеңестер берді.

«Мақсатқа жету барысында барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Кез-келген тығырықтан шығатын жол бар. Түннің артынан күн шығатын секілді үмітті еш уақытта үзбеу керек. Бұған дәлел мына мен. Маған денсаулығыма байланысты дәрігерлер ешуақытта аяғына тұра алмайсын деген. Алайда мен бұл шешіммен келісе алмадым. Жәй ғана аяққа тұру үшін қаншама жылдар кетті, қаншама тер төктім. Мұның барлығы тек бір арман үшін болатын. Сол мақсатына жеткенде алдынан түрлі одан да көлемді идеялар туындайды. Оларды жүзеге асыру барысында жанында жақындарынын саған қол ұшын беруі, саған сенуі мені одар әрі қанаттандырды. Сондықтан Жаратқан мен жақындарының қолдауы мен ішкі қайсарлықтын арқасында кез-келген мақсатқа жетуге болады. Тек бастаған жерінен тоқтамай жүре беру керек», — дейді Е.Баялышбаев.

Кездесу соңында қатысушылар да алға қойған мақсаттары жайлы айтып өтті. Оларға Елдос мырза білген кеңісін айтып, әрқайсымен естелік суретке түсті.

Мәліметпен бөлісу: