Алматы облысында өткен баспасөз мәслихатында міндетті әлеуметтік сақтандырудың ерекшеліктері туралы айтылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында түсіндірме баспасөз мәслихаты өткізілді. Оның барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші

индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын жүзеге асыру мақсатында халық денсаулығын одан әрі дамытудың басымдықтары анықталды.
МӘМС әрбір азаматқа, табысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, медициналық көмекке тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Төлемдер қор қаражаты есебінен жүргізілетінін ескере кетейік.

Осы жайында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Абдалиев өз ойымен бөлісті:

   «Бүгінгі күні үкіметімізде бірқатар мәселелер, соның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді  енгізу  бойынша да қаралып жатыр. Яғни, бұл біріңғай жиынтық төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру сынды басқа да әлеуметтік табыс салығының төлемдерін қамтиды. Ауылдық округ тұрғындары үшін салық жарты айлық есептік көрсеткішті құрайды»,- деді.  

Спикердің айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін медициналық көмектің жаңа үлгілері енгізіледі. Айта кетсек, әлеуметтік медициналық сақтандыру барлық санаттағы азаматтарға бірдей қолжетімді және шұғыл көмек қажет ететін медициналық көмек пакетін енгізді.

«OSMS.kz сайтында медициналық ұйымдардың «Халықтық бақылауы» орнатылды. Ол жерде негізінен күту уақыты, көрсетілген қызметтің сапасы, дәрігерлер мен мекеме мамандарының науқастарға көтсеткен қызметтерінің дәл уақытында болуы, белгілі ережелерді қатаң сақтауын қадағалау жүргізіліп отырады. Рейтинг бойынша жұмыстары төмен болып табылған мекемемен қатынастарымыз үзіледі»,- деп қорытындылады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Алматы облысы өңірлік филиалының директоры Сәбит Құралбек.

 

 

Аруна Сагатбекова

Мәліметпен бөлісу: