«Бастауыш партия ұйымдары партиялық жаңғырудың жаңа белесі, партия жаңалықтарын сайлаушыларға жеткізіп, ұйымдастырушы ретінде өз жоспарларын қайта қарап жаңғыртудың жолына түсті», — дейді конференция спикері Гүлнар Тойлыбаева.
Қазіргі уақытта орталықтандырылған есеп базасының ақпараттық жүйесі жаңа сатыға көтеріліп, алдағы уақытта партия мүшелерінің сапалық, сандық көрсеткіштеріне талдау жүргізу, белсенділерді анықтап, есеп базасымен жұмысты бастауыш партия ұйымдарына беру мәселесі жаңадан қабылданатын Концепцияның негізіне айналған. Ол Концепцияны талқылау үшін арнайы аймақтық Форум ұйымдастырылып, Алматы облысынан 63 делегат сол форумға белсене қатысып қайтты. Форум жұмысына Республиканың оңтүстік өңірінен 250-ден астам және бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты. Форумның жұмысын партия хатшысы Тамара Дүйсенова жүргізіп, шараның өзектілігі мен маңыздылығын ерекше атап өтті. Цифрландыруға, халықтың саналы сауаттылығын арттыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, қоғамдық сананы жаңартуға және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған жаңа партиялық жобаларды іске асырудың нысандары мен әдістері талқыланды.
Тамыз айының 22-23 күндері Шымкент қаласындағы «Бастауыш партия ұйымдарының форумының» қатысушылары брифингте өз ойларымен бөлісіп, жаңа Концепция туралы ұсыныстарын, пікірлерін білдіріп, жан-жақты талқылады.
Брифингте сонымен бірге, «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Идрисов бүгінгі күні жаңа Концепцияның бастауыш партия ұйымдарына беретін жеңілдіктері мен партия жұмысындағы жаңғырудың жағымды тұстары туралы баяндады. «Алдағы уақытта жаңадан құрылатын партияның кадрлық резерві сандық емес, сапалық құрамның жоғары сұрыпталуына ерекше мән беруді қолға алғанымызды көрсетеді. Себебі, партияда өз ісіне мығым,белсенді, білімді әрі заманауи өзгерістерге бейім жаңа кадрлық құрам жасақталмақ», — дейді Дәулет Садырұлы.
Нұр Отан – көшбасшы партия. Негізгі тірегі – халық, ұйытқысы – бастаушы ұйымдар. Облыс бойынша 349 бастауыш партия ұйымдары бар болса, бір ғана Талдықорған қаласында 28 бастауыш ұйым жұмыс жасайды. Мүшесі — 11191.
Облыс орталығындағы белсенді партия ұйымының бірі – «Жарық». Талдықорған өңірін қуат көзімен қамтитын 2005 жылдан құрылған «Жетісу энергетиктер» тобы. Салалық принціппен қызмет көрсететін «Татэк» акционерлік қоғамымен «Жетісу Энерготрейд» серіктестігі қызметкерлеріне тиесілі. «Жарық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұржамал Әбеуова брифингте бастауыш партия ұйымдарының жаңа бағыттағы жұмыстары жайында өз ойымен бөлісті, әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.
«Жарық» үздіктер санатында екінші орында. Бастауыш Нұр Отан партиясымен бірге алда әлі биіктерді бағындырмақ.
Жұлдыз Темірғалиева