Интернет алаяқтық пен қаржылық пирамидалардан сақ болыңыз!

Қазір әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы «оңай табыс», «ақшаны екі есе көбейтеміз», «инвестиция салып байып кет» деген жарнамалар жиілеп кетті. Алайда олардың көбі — алаяқтық схемалар.

🔒 Өзіңізді қорғау үшін:
• Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз
• Жеке деректер мен банк кодтарын ешкімге бермеңіз
• «Жылдам табыс» уәде ететін жобаларға сенбеңіз
• Компанияның лицензиясы мен ресми тіркелуін тексеріңіз
• Күмәнді ұсыныстарды жақындарыңызбен талқылаңыз

⚠️ Есіңізде болсын: заңды табыс — уақыт пен еңбекті талап етеді. Ал «оңай ақша» ұсынатындардың мақсаты көбіне — сіздің қаражатыңызды алу.

#Алаяқтық #ҚаржылықСауат #ИнтернетҚауіпсіздігі #ҚаржылықПирамида

Мәліметпен бөлісу: