
Аталған шарада Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Төлеужанов Мәулен Төлеубекұлы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесіп, олардың ауданның рухани-мәдени дамуына қосып отырған үлестерін ерекше атап өтті.
Қабылдау барысында мәдениет қызметкерлерінің кәсіби еңбегі жоғары бағаланып, сала мамандары аудан әкімінің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл – олардың шығармашылық табыстары мен ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбегіне берілген лайықты құрметтің белгісі.
Сонымен қатар, шара аясында ауылдық мәдениет үйлеріне аудан әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды. Бұл қолдау мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Аталған іс-шара мәдениет саласы қызметкерлерінің мәртебесін арттырумен қатар, олардың алдағы жұмыстарына серпін беретін маңызды қадам болды.
