Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде апатты үйлердің тұрғындарына 212 пәтер берілді

Жетісу облысы құрылған кезде Текелі қаласында 22 апатты көпқабатты тұрғын үй болған. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде аталған мәселе толық шешіліп, апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына 212 пәтер берілді. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаладағы апатты тұрғын үйден көшірілгендердің бірі Ольга Шинкоренко өз ойын білдірді:

— Біз Төле би көшесі, 29-үйде, яғни апатты деп танылған үйде тұрдық. Сол үйде 30 жыл өмір сүрдік. Бір үйде 8 пәтер болатын. Тұрғын үйіміз әбден тозып, құлап тұрған. Әкімдік тарапынан көрсетілген қолдаулардың арқасында жаңа үйге көшірілдік. Көшіп барған пәтерімізге көңіліміз толады, алғысымызды айтамыз, — ол.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілші: Дмитрий Ерофеев,

сондай-ақ, фотосуреттер Текелі қаласының әкімдігі ұсынған

Мәліметпен бөлісу: