Алматы облысында жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы өңір жолдарын жөндеуге 16 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінде жолдарды қайта жаңғыртутұрақты негізде жүргізілуде.
Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы – 9637,8 км, оның ішінде республикалық – 2 850 км, облыстық – 6138,6 км және аудандық – 649 км құрайды.
Талдықорған қаласыныңжолдарының ұзындығы 564,1 километрден асады. Биыл облыс орталығындағы көшелерді күтіп ұстауға және жөндеуге 3 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді.Қаланың 28 көшесіне ұзындығы 25,7 км болатын жолдарға күрделі жөндеу жүргізілді. Бригаданың жұмысшылары 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын және 51 көшеге қиыршық тас төседі. Сонымен қатар, қаланың 78 көшесіне асфальт төселуде.
«Гордорстрой» ЖШС компаниясының өкілі Жандос Тұрысбековтың айтуынша, қазіргі таңда қалада Қазақстан, Қабанбай батыр, Гаухар-ана көшелері бойында жөндеу жұмыстары өтуде.
«Биылғы жылы біздің компания тендер бойынша 2км 400 метр ұтып алып, 1 км 200 метр жолды жөндеуден өткіздік. Жергілікті зауытта асфальт шығарылады. Біз жұмыстарды 26 наурызда бастадық,қазан айының соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта 120 адам жұмыс істейді және 38 бірлік техника қосылған», — деді Ж. Тұрысбеков.
Сонымен қатар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбасқармасының басшысы Ержан Жасыбаевта атқарылып жатқан жұмыстары жайлы айтып кетті.
«Алматы облысының жол сапасын жақсарту мақсатында біз жыл сайын жолдарды жөндеу мен қайта жаңарту көлемін арттырудамыз. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын толық құжаттандырдық.Сонымен қатар, аймақта туристік кластерді дамыту барысында келесі жобалар әзірленіп, іске асырылды: «Алакөл маңындаға Ақши ауылынан демалыс аймақтарына дейінгі жол, сондай – ақ, Балқаш жағалауына апаратын автожолдарды «Алматы – Өскемен – Лепсі-Ақтоғай» қайта жаңарту сметалық құжаттары дайындалуда», — деді ол.
Айта кету керек, 17 аудан мен 2 қала маңын жөндеуге екі миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Жуырда жергілікті билік өкілдерітек орталық көшелерді ғана емес, шалғай жатқан көшелерге де жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берді.
Айжан Оралбекова