
«Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты
стратегиялық сессия өтті. Онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес
қауымдастығының өкілдері Қазақстан өңірлерін дамытуға қатысты ұсыныстарды
талқылады.
Жиынның негізгі тақырыптары аймақтар арасындағы айырмашылықты азайту,
инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ
ауылдық аумақтарды дамыту, экология және энергетика мәселелеріне арналды.
Сессия барысында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының
мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік даму мәселелерін бүгінде тек экономикалық
көрсеткіштер арқылы ғана емес, қабылданған шешімдердің халықтың күнделікті
тұрмысына қаншалықты оң әсер етіп отырғаны тұрғысынан да бағалау қажет екенін
атап өтті.
«Өңірлердің дамуын тартылған инвестиция көлемімен немесе жүзеге
асқан жобалар санымен ғана емес, әрбір қала, аудан мен ауылдағы
тұрғындардың өмір сүру сапасының нақты жақсаруымен бағалау маңызды», —
деді ол.
Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев өңірлердің дамуындағы
теңсіздікті қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына
тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар
жүйесі аясында елді мекендердің инфрақұрылымдық нысандармен және
қызметтермен қамтылу деңгейі 68 пайызға жеткен. Дегенмен қала мен ауыл
арасындағы айырмашылық әлі де байқалады. Бұл инфрақұрылымды одан әрі
дамытып, базалық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейтуді талап етеді.
Пікірталас барысында қатысушылар өңірлердің тең дәрежеде дамуына ықпал
ететін қосымша тетіктерді талқылады. Ulagat Consulting Group директоры Марат
Қайырленов өңірлерге инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастырудың
маңыздылығына тоқталды. Ал Қарағанды облысы басқарушы және сервистік
компаниялар қауымдастығының төрайымы Ирина Юртанова тұрғын үй қорын басқару
жүйесін жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарын
ортаға салды.
Басқосу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін
қолдау, сондай-ақ экология мен энергетика саласындағы өзекті мәселелерге де
ерекше назар аударылды.
Жиынды қорытындылаған Рауан Кенжеханұлы мемлекеттік өңірлік саясаттың
басты өлшемі оның нақты нәтижесі болуы тиіс екенін атап өтті. Сессияға қатысушылар
түскен ұсыныстарды жинақтап, оларды өңірлік саясатты жетілдіру мәселелерін
талқылау барысында қарастыру туралы келісімге келді.
Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми
Telegramарнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy
press@adilet-partiyasy.kz
В партии «Әділет» обсудили, как сократить разрыв между городом и
селом
В партии «Әділет» прошла стратегическая сессия «Сильные регионы –
сильная страна», на которой эксперты, представители государственных органов
и бизнеса обсудили предложения по развитию регионов Казахстана.
Основными темами обсуждения стали вопросы сокращения региональных
диспропорций, привлечения инвестиций, модернизации ЖКХ, а также вопросы
сельских территорий, экологии и энергетики.
В своем выступлении член Бюро Политического совета партии «Әділет» Рауан
Кенжеханулы отметил, что сегодня вопросы регионального развития требуют оценки
не только по экономическим показателям, но и по тому, насколько принимаемые
решения отражаются на повседневной жизни людей.
«Важно, чтобы развитие регионов оценивалось не только через объем
привлеченных инвестиций или количество реализованных проектов, но и
через реальные изменения в качестве жизни людей в каждом городе, районе и
селе», — сказал он.
Продолжая тему, вице-министр национальной экономики Асан Дарбаев
представил основные направления государственной политики по сокращению
региональных диспропорций. По его словам, по итогам 2025 года уровень
обеспеченности населенных пунктов объектами и услугами в рамках Системы
региональных стандартов достиг 68%. Вместе с тем между городскими и сельскими
территориями сохраняются различия, что требует дальнейшего развития
инфраструктуры и повышения доступности базовых услуг.
В ходе дискуссии участники обсудили, какие дополнительные меры могут
способствовать более сбалансированному развитию регионов. Директор Ulagat
Consulting Group Марат Каирленов акцентировал внимание на необходимости
создания условий для привлечения инвестиций в регионы. Председатель Ассоциации
управляющих и сервисных компаний Карагандинской области Ирина Юртанова
представила предложения по совершенствованию управления жилищным фондом и
развитию инженерной инфраструктуры.
Отдельный блок обсуждения участники посвятили развитию сельских
территорий, агропромышленного комплекса, а также вопросам экологии и энергетики.
Подводя итоги обсуждения, Рауан Кенжеханулы подчеркнул, что ключевым
критерием государственной региональной политики должны быть ее практические
результаты. Участники сессии договорились обобщить поступившие предложения
для их дальнейшего рассмотрения и использования при обсуждении вопросов
региональной политики.
Больше новостей о деятельности партии в официальном Telegram-канале:
https://t.me/adilet_partiyasy
press@adilet-partiyasy.kz
