Алакөл ауданында нашақорлықтың алдын алу жөнінде жиын өтті

18 маусым күні Алакөл ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста нашақорлықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейту және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту, халық арасында түсіндіру іс-шараларын жүйелі түрде жүргізу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Мәліметпен бөлісу: