
23 тамыз – барша қазақстандықтар үшін тағдыршешті таңдау жасайтын күн. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болмақ. Бір ел, бір мүдде, бір болашақ жолында бірікке ұлттың таңдауы ортақ болады деген сенімдеміз.
Тарих бедеріне назар аударсақ қай-қайсы мемлекеттің де даму даңғылының туралық пен тұрақтылыққа негізделуі – ең алдымен қоғамдағы келісім мен ауызбірліктің көрінісі. Ортақ мүдде жолында біріге алған елдің ертеңі баянды болары сөзсіз. 23 тамыздағы таңдаудың негізі – Парламенттің орнына жаңа заң шығарушы орган ретінде «Құрылтайдың» құрылуы мен жұмысын бастауы болып отыр. Республикалың маңыздағы заңдарды қабылдау, мемлекеттік бюджетті бекіту, үкіметпен бірлесе отырып елдің әлеуметтік һәм экономикалық дамуына өзіндік үлесі қосу Құрылтай депутаттарының иығына артылар жүк болмақ.
Қазіргі таңда аламанға түскен түрлі партиялар барлығы 145 орынға бәсекелесуде. Бес жыл мерзімге тағайындалар депутаттар партиялық тізім бойынша анықталады. Құрылтайдан орын алу үшін партиялар сайлаушылардың кемінде 5 пайыз дауысын иемдену қажет.
Ескере кететіні, әр қазақстандықтың дауысы маңызды, сөзі мен сенімі ескеріледі. Таңдау құқы берілген сәтте өзінің сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырып, бәсекеде жүрген партияларға дауыс беру арқылы сіз елдің дамуына, оның арғы аяқ алысына өзіндік үлесіңізді қосасыз.
А.Есенбеков,
Бас редактор.
