
Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 15-25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелерін тарта отырып, «Батыл Тойтарыс — 2026» ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған.
Оқу-жаттығулар барысында 2026 жылдың 10 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында әскери техника мен жеке құрамды әскери лектерді жалпыға ортақ автокөлік жолдарымен, теміржол көлігімен оқу-жаттығу орындарына көшіру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жалған ақпараттың таралуын болғызбау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу мақсатында Жайпақ ауылының тұрғындарының назарына келесіні хабарлаймыз:
1) көрсетілген кезеңдерде әскери лектердің қозғалысы болады;
2) азаматтардың оқу полигондарының жанында және аумағында, сондай-ақ әскери техника лектерінің, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қозғалыс аудандарында болуына тыйым салынады;
3) оқу полигондарында (жаттығулар өткізілетін аудандарда), сондай-ақ жарылыс қаупі бар заттарды жинау және жою орындарында металл сынықтарын жинауға тыйым салынады;
4) күдікті заттарды тапқан кезде дереу шұғыл қызмет органдарына хабарлау қажет;
5) оқу-жаттығулар өтетін оқу полигонының аумағында және жақын маңайында үй жануарларын бағуға тыйым салынады.
