Ұрпақттың сауаттылығы үшін

Педагогика жаңалықтарының бірі –оқытудың іс-тәжірбиесінде жаңа әдіс-тәсілді енгізу. Жаңа бағдарламаның да мақсаты – мұғалім іс-тәжірбиесіне өзгерістер енгізу. Бастысы ол жаңашылдықтарұстазға да, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс.

 

Қазіргі кезде біздің еліміз ғаламдану  және жаhандану үрдісіне көшуде. Осы беталысты жандандырып,  дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгерту, білім сапасын көтеруде заманиуи құралдарды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі әрі өзекті мәселеге  айналуда. Оқыту барысында озық,тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Мектепте жұмыс жасайтын әрбір педагог іс-тәжірбиесіне өзгерістер енгізу арқылы өздерінің де, оқушыларының да психологиясын құбылта алады. Өзгеріс дегеніміз- оқытуға  енгізілетін жаңа тәсілдер, оқуға жетелейтін тың идеялар.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерін үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.

А.ТӨЛЕГЕНОВА,

Аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Мәліметпен бөлісу: