ПЧ-43 қызметкерлері Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады


Алакөл ауданындағы дауыс беру учаскелерінің бірінде ПЧ-43 ұжымының 50 қызметкері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.
Теміржол саласының мамандары сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді атсалысты. Әр қызметкер өз таңдауын жасап, азаматтық құқығын жүзеге асырды.
ПЧ-43 қызметкерлерінің сайлауға белсенді қатысуы – еңбек ұжымының азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің көрінісі. Өз таңдауын білдіру арқылы теміржолшылар елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Құрылтай сайлауына қатысу – әр азаматтың қоғамдық өмірге араласуының және ел болашағына жауапкершілікпен қарауының маңызды көрінісі.
Әр дауыс – маңызды. Әр таңдау – ел болашағына қосылған үлес!

Мәліметпен бөлісу: