Жерұйық мекен – Жетісу

Арманның көкжиегі кеңейіп, тың мақсат айқындалды. Біз қазақ жерін қорғап талай ұрыстар мен шайқастарда жеңіске жеткен халықпыз. Ер жүрек ерлеріміз бен отаншыл азаматтарымыз еліміздің еңсесін тіктеуінде іргелі жұмыстың ең бастысы мирас болып қалған жерімізді қорғау екенін бір сәтте естен шығарған емес. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттықты айбынды батырларымыз абыроймен алып келді. Осы ретте туған жерді қадірлеуге үгіттейтін мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мәні мен мазмұны, мағынасы мен маңызы қоса өріліп, өзіндік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туынды болғаны сөзсіз. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, тарих толқындарын таразылауды межелеп берді. Рухани байлықтарымызды бағалауға және қайта жаңғыртуға шақырды.

Жуырда Ақши ауылында Елбасының жоғарыда аталған мақаласында көтерілген жобаларды іске асыру мақсатында облыстық жобалық кеңесінің ұйымдастыруымен «Жерұйық мекен – Жетісу» атты форумы өтті. Аталмыш шарада Алакөл, Ақсу, Сарқан, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен Текелі, Талдықорған қалаларынан келген сегіз құрама бақ сынасты.

Алғы сөз кезегін алған облыс әкімшілігінің бас маманы С.Сурабалдинова форумға жиналған қауымға алғысын білдіріп, барша командаларға сәттілік тіледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Алакөл ауданы «Атамекен», Текелі қаласы «Рухани қазына» және Талдықорған қаласы «Тәрбие және білім» атты кіші бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар мен іс-шаралар бойынша презентациялық баяндамаларын назарға ұсынды.

Форум соңы екі кезеңнен тұратын интелектуалды ойынмен аяқталды. Ойын барысында қатысушылардың білімі мен біліктілігі, шапшаңдығы мен шеберліктері байқалды.

 

                                                                    М.БЕКҚОЖАЕВА.

Мәліметпен бөлісу: