Жанама ауылдық округінде 150 азамат бір мезетте дауыс берді


Бүгін, 23 тамызда Жанама ауылдық округінде 150 азамат бір мезетте сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
Тұрғындардың ұйымшылдығы мен белсенділігі – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Азаматтар сайлау учаскесіне келіп, заңнамада белгіленген тәртіппен өз таңдауын білдірді.
Құрылтай сайлауы – азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуына және өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды шара. Жанама ауылдық округі тұрғындарының белсенді қатысуы ауылдағы ауызбіршілік пен азаматтық жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті.
Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес!

Мәліметпен бөлісу: