

Алакөл жағалауында демалып жүрген туристер азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысты.
Алматы, Талдықорған, Атырау, Қарағанды және Астана қалаларынан келген 40 шақты турист Ақши ауылындағы №68 сайлау учаскесіне және Көктұма ауылындағы №67 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Демалушылардың уақытша жүрген жері бойынша дауыс беруі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Алакөлге демалыс үшін келген азаматтардың сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасауы – ел өміріндегі маңызды қоғамдық үдеріске белсенді қатысудың көрінісі.
