
Бүгін Жайпақ ауылындағы №66 сайлау учаскесінде азаматтардың белсенділігі байқалды. Жергілікті мекемелердің 85 қызметкері бір мезетте сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз азаматтық таңдауын жасады.
Қызметкерлердің ұйымшылдықпен келіп, бір уақытта дауыс беруі – олардың қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық құқықтарын жүзеге асырғанын көрсетті.
Еңбек ұжымының белсенділігі мен ұйымшылдығы азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әр қызметкер өз таңдауын білдіру арқылы елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын танытты.
Жайпақ ауылы тұрғындарының қоғамдық маңызды шараға белсенді қатысуы – ел өміріне деген жауапкершіліктің және ортақ болашаққа деген сенімнің көрінісі.
