
Алакөл ауданының Сапақ ауылында еңбек ұжымдарының өкілдері Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
Сапақ ауылындағы 30-ға жуық еңбек ұжымының мүшесі №84 сайлау учаскесіне бір мезетте келіп, дауыс берді. Ұжым мүшелерінің ұйымшылдықпен қатысуы сайлау үдерісіне деген азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің көрінісі болды.

Сонымен қатар, Тоқжайлау ауылындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің (АӨК) еңбек ұжымы да сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Құрылтай депутаттарының сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдерістердің бірі. Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы ел болашағына қатысты ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
