Бүгін №58 сайлау учаскесіне Қазақстан ауылының тұрғыны, Алакөл ауданының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері, округ жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Таңатова Қайныш апамыз келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.


Елге еңбегі сіңген ардақты ананың қоғамдық маңызы бар шараға белсенді қатысуы – кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Қайныш апамен бірге жергілікті құрылған әжелер ансамблі және замандастары да сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық құқықтарын пайдаланды.
Ақ жаулықты әжелер дауыс беріп қана қоймай, ұлттық нақыштағы киімдерімен сайлау учаскесінің ажарын айшықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен белсенділігі – ұлттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершіліктің жарасымды үйлесімін көрсетті.

Мәліметпен бөлісу: