АЛАКӨЛДІКТЕРГЕ КӨМІРДІ ЕРТЕРЕК САТЫП АЛУ ҰСЫНЫЛАДЫ


Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары Алакөл ауданында басталды. Жеке сектор тұрғындарын қыс түспей тұрып, қажетті көмір қорын алдын ала жасақтауға шақырамыз.

Күз-қыс айларында көмірге сұраныстың артуына байланысты теміржол тұйықтарында кезек пен қарбалас көбейетіні белгілі. Сондықтан тұрғындарға көмірді тамыз-қыркүйек айларында сатып алып, қысқы отын мәселесін алдын ала шешіп алған жөн.

Қазіргі таңда ауданда көмірді теміржол арқылы қабылдап, тұрғындарға сататын 5 теміржол тұйығы жұмыс істейді. Олардың барлығы Бескөл ауылында орналасқан.

Көмір бағасы төмендегідей:

— «Жантере Ырыс» ЖК – 21 500 теңге;
— «Контакт Угле Пром» ЖШС – 22 650 теңге;
— «BT ALLIANCE TRADE» ЖШС – 21 000–22 500 теңге;
— «АРС» ЖШС – 21 500–23 000 теңге;
— «ЕРКІН» ЖК – 21 500 теңге.

Сонымен қатар алдағы уақытта көмір автомобиль жолдары арқылы жеткізіліп, Қабанбай ауылында орналасқан үш қоймаға түсетін болады. Олар:

— «Кисляков» ЖК;
— «Калажанова» ЖК;
— «Оспанов» ЖК.

Бүгінде қоймаларда «Қаражыра» көмірінің 1 221 тоннасы және «Шұбаркөл» көмірінің 2 295 тоннасы бар.

Қыс – күтпеген жерден келмейді. Сондықтан тұрғындарға қажетті көмірді соңғы сәтке қалдырмай, қазірден қамданып, қысқы отын қорын ертерек жасақтау ұсынылады. Бұл қысқы кезеңде уақытты үнемдеп, көмір алу кезінде туындайтын кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Мәліметпен бөлісу: