Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 02. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Тиімді саясат ұсынылды

Ұлт биігін ұлықтаған Елбасы Н.Назарбаев өзінің әр Жолдауы мен Үндеулерінде, мақалалары мен саяси реформаларында елдің әл-ауқатын арттыру мен дамыған елдердің қатарынан көрінудің ұтымты тұстарын көрсетіп, соған орай қажетті бағыттарды айқындап беруде. Қазанның бесінші жұлдызында жарық көрген «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы кезекті Жолдауында да қоғам мүддесін көздеген міндеттер легі нақтыланды.

Аталмыш құжаттың үшінші тұғырлы бағыты халықтың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру тақырыбын талқыға салды. Осы бағыттың үшінші бөлімінде құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер енгізу мәселесі таразы басына тасталды. Қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі саналғандықтан мұндағы өзгерістер уақыт өте өзінің тиімділігін көрсетері хақ.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмыспен күресте үнемі алдыңғы қатардан табылып, тұрғындар тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз бастарын қатерге тігетіні де белгілі. Сондықтан да қоғам құқық қорғау органдарының, әсіресе полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтуде. Осы ретте Жолдауда Үкіметке Президент әкімшілігімен бірлесіп «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдау тапсырылды. Тиісінше осы саладағы реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылмақ. Өзгерістерге назар аударсақ, біріншіден Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес фукнциялардан арылту, сол арқылы үнемделген қаржыны тәртіп сақшыларның жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттамақ. Екіншіден, полиция қызметкерінің жаңа стандарты бекітіліп, кадрлық даярлау мен іріктеу жүйесі өзгертілмек. Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің заманауи  форматтарын енгізу арқылы полицияны бағалаудың критерийлері қайта қаралмақ. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қайта аттестациялаудан өтіп, тек үздіктері ғана қызметін жалғастырмақ.

Бұның барлығы полиция қызметкерлерін азаматтар санасында жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсететіндер деген түсінікті қалыпстыру мақсатында істелуде. Сол арқылы қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшеміне айналмақ.

 

А.КАНАПИЯНОВ,

Аудандық ІІБ-нің кадр жұмысы тобының инспекторы, полиция капитаны.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov