Азаматтар жұмылдыру дайындығы туралы нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы – елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралар.

Әр азамат нені білуі керек:

  • Тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұру қажет.
  • Әскери есепке қатысты құжаттарды уақытылы алып, ондағы мәліметтердің дұрыстығын тексеріп отыру керек.
  • Шақыру қағазы немесе жұмылдыру жөніндегі нұсқама алған жағдайда, онда көрсетілген уақытта жергілікті әскери басқару органына бару қажет.
  • Жұмылдыру жарияланған жағдайда азаматтар заңда белгіленген тәртіппен әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
  • Сондай-ақ елдің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін қажетті жұмыстарға тартылуы мүмкін.

⚠️ Есте сақтаңыз!

Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған сәттен бастап тиісті жергілікті әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.

Сондықтан әскери есепке қатысты құжаттарыңызды алдын ала тексеріп, ресми шақыруларға уақытылы жауап беріңіз.

Мәліметпен бөлісу: