Ел саулығы: Алакөл ауданында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына құрмет көрсетілді

Алакөл ауданында Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер күніне орай сала мамандарын құттықтау рәсімі өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Төлеужанов Мәулен Төлеубекұлы және Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының міндетін атқарушы Нурмухамбет Әлібек Хайрбекұлы қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халық денсаулығын қорғаудағы маңызын атап өтті. Әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алуда сала мамандарының атқарған еңбегіне тоқталды.

Шара барысында бірқатар қызметкер аудан әкімі Абдинов Алмас Сапарғалиұлының Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапатталып, оларға гүл шоқтары табысталды.

Мәліметпен бөлісу: