Мол мүмкіндіктерге жол ашылмақ

Елбасының кезекті Жодауын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының  қызметкерлері  зор ықыласпен тыңдады.  Әрбір дәстүрлі  Жолдауында партия төрағасы, мемлкекет басшысы уақыт үрдісіне сай ең өзекті мәселелерді анықтап, ел дамуының басым бағыттарын айқындап отырады. Әркез алысқа көз тігетін Н.Назарбаев бұл жолы да көптің көкейіндегіні айтты.

Бұл жолы  жаһанның ең дамыған отыз мемлекетінің қатарынан орын алу жоспары нақтыланды. 2050 жылға дейінгі әрбір бес жыл жаңа міндеттерді шеше отырып, түпкі нәтижеге қызмет ету міндеттелді.Ең төменгі жалақының 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтерілетіні барша еңбек адамының көңілінен шықты. Әлеуметтік сала бойынша болашақта педагогтың статусы туралы заңның қабылданатыны, мектепке дейінгі жеткіншектердің тәрбиесіне жүйелі көңіл бөлінетіндігі, үш аусымды білім ордаларын түбегейлі жою туралы  және мектеп мұғалімдерінің нақты педагогикалық істермен ғана шұғылдану керектігі туралы пікірлері  зиялы ортаның  ойынан шықты.

Келесі ішкі істер саласының, сот жүйесінің  жұмыстарын өзгерту, әлемнің озық мемлекеттеріндегі тәжірбиені енгізу арқылы бұл салаларды  да реформалау, халыққа жақын ету  жөніндегі ойлары қоғамға  сенім отын ұялатты.Жалпы алғанда елдің әл-ауқатын арттыруға арналған «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы», «Индустрияландыру» бағдарламаларының әрі қарай кешенді жұмыс атқаратыны баяндалып, бұл тұрғыда отандық өнімдерді өңдеу саласын нығайтып, қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуды, сөйтіп  өз тауарларымызбен өзімізді қамтамасыз етіп, қалғанын сырқа шығаруды тапсырды. Осылайша халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекеттің экономикалық потенциалын нығайтуды мақсат етіп отырғанын жеткізді. Барша нұротандықтар Елбасы, партия төрғасының халыққа Жолдауын ел арасында белсенді насихаттап, барынша  қолдайды.

 

Қ.КӨКЕБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: