Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 12. 05. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жаңғырудың жаңа қадамы

Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» тақырыбындағы    мақаласы   биылғы  «Қазақстанның   үшінші  жаңғыруы: жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік» атты  Жолдауының  жалғасы  іспеттес. Бізге  тек  саяси  және  экономикалық   дамуға ғана  емес, рухани  кемелденуге   де  баса  мән  беретін   уақыт  келді. Мемлекет  басшысы: «Мақсатқа  жету  үшін  біздің  санамыз  ісімізден  озып  жүруі, яғни  одан  бұрын  жаңғырып  отыруы  тиіс. Бұл  саяси  және  экономикалық  жаңғыруларды   толықтырып  қана   қоймай, олардың   өзегіне   айналады»,- деп, ауқымды  да  іргелі  жұмыстарды   бастағалы  отырғанымызды  тілге  тиек  етті.

Шын мәнінде, көз ілеспес шап-шаңдықпен дамып, жедел өзгеріп  отырған  заманда, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып  қалған  қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Оның ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалып-тастырғанымыз абзал. Бұл  – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Төл  мұраларымызға  тамыры   тереңде   жатқан  салт-дәстүріміз, тіліміз  бен  діліміз, мәдениетіміз, баға   жетпес  табиғи   байлықтарымыз   жатады. Жоғарыда  аталған  құндылықтардың  бәрі – заманауи  Қазақстанмен  бірге  келешекке  қадам  басып, жандана   түсуі  қажет. Тек  сонда  ғана  біз  рухани  кемелденген   елге  айналарымыз  ақи-қат.

Президент мақаласында  көтерілген  тағы  бір  өзекті  мәселе – білім. Ұлт  көшбасшысы: «Табысты  болудың  ең  іргелі, басты  факторы  білім  екенін  әр-кім  терең  түсінуі  керек. Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің  қатарында  білім  әрдайым  бірінші  орында  тұруы  шарт. Себебі, құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен  биік  қоятын  ұлт  қана  табысқа  жетеді»,- деп, әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың экономикада ғана емес, ғылым  әлемінде  де  озық  болуын  талап  ететіндігін   атап  өтті. Сол  себепті  алдағы   уақытта  аталмыш  бағытта  жүзеге  асатын  маңызды  өзгерістерге  тоқталып, Үкіметке   нақты  тапсырмалар  берді. Соның  бірі  — 2025  жылдан  бастап  толықтай  латын  әліпбиіне көшетіндігіміз. Яғни,  ісқағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар – бәрі  де  соған  негізделе  басылатын  болады. Елбасы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау жөнінде тиісті орындарға  тапсырма  беріп, 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілетінін айтып  өтті.

Қазақ елі  небір аласапыран замандарды   басынан  өткізді. Араб жазуынан латынға, латыннан кириллицаға көшсе  де, халқымыздың   білімге  деген ұмтылысы  ортайған   емес. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін,  міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, төл  құндылықтарымызды  түгендеп  жатқан сәтте, өз жазуымызды қалыптастыратын  кез келген сияқты.

Тың   серпіліс, тың  қадам… Дамушы  елдер  қатарына  қарай  сенімді  қадам  басып  келе  жатқан  мемлекетімізге   дәл  қазір  керегі  де  осы. «Жұмыла көтерген  жүк  жеңіл» демекші, Елбасының  болашаққа  берген  бағдарынан  жаңылмай, рухани  кемелденген  Мәңгілік  елге айналуға   бір   адамдай  ат  салысайық.

 

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov