«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы аудан активінің жиынында талқыланды. Оған бөлім, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті округтердің әкімдері, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, мектеп директорлары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Жиынды аудан әкімі Ә. Жақанбаев ашып, Жолдаудан туындайтын міндеттерге тоқталып өтті. Осы мәселеге байланысты Екпінді ауылдық округінің әкімі Ә. Қыстаубаев, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Б. Саятова, Қабанбай батыр атындағы орта мектептің директоры Н. Нұрбекова, аудандық орталық аурухананың жасдәрігері С. Құдайбергенова, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Е. Омарбек өз ойларын ортаға салып, әр сала бойынша алдағы жылдарда атқарылатын жұмыстарға, Жолдауда айтылған жайлар халықтың әл-ауқатын көтеруге игі ықпал ететіндігін атап өтті.

Жиынды өңір басшысы қорытындылап, ұйым, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, аталмыш құжатты аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттау қажет екендігін ескертті.

 

А. Жалбин.  

Мәліметпен бөлісу: