2025 жылғы қаржылық есептілікке жүргізілген мемлекеттік аудит шеңберінде «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) аудит жүргізілді.
Аудит барысында бухгалтерлік есепті жүргізуге, қаржылық есептілікті қалыптастыруға, еңбек және бюджет заңнамасының сақталуына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде ішкі бақылауды ұйымдастыруға қатысты бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Елеулі бұзушылықтардың бірі – өткізуге арналған жасыл желектердің бухгалтерлік есепте көрсетілмеуі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша олардың жалпы құны 170 066,9 мың теңгені құрады. Соның салдарынан бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректері, оның ішінде бухгалтерлік баланс көрсеткіштері бұрмаланған.
Сонымен қатар бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың жекелеген фактілері анықталды, оның ішінде:
- тауарлық-материалдық қорларды сатып алу кезінде 176,7 мың теңге сомасына төлемге шотты құқыққа қайшы ұсыну;
- қызметкерлерді еңбек демалысынан кері шақырту кезінде пайдаланылмаған еңбек демалысы бөлігін ұстап қалу тәртібінің 1 756,451 мың теңге сомасына бұзылуы;
- жекелеген қызметкерлерге лауазымдарды қоса атқарғаны үшін 1 309,892 мың теңге сомасында негізсіз қосымша ақы төлеу;
- жоғары білім туралы растайтын құжат болмаған жағдайда қызметкердің лауазымдық айлығын негізсіз көтеру салдарынан 1 728,830 мың теңге сомасында жалақыны негізсіз төлеу;
- жалпы сомасы 697,8 мың теңге болатын іссапар шығыстарын негізсіз аудару;
- негізгі құралдың бастапқы құнын бухгалтерлік есепте 142,0 мың теңге сомасына дұрыс көрсетпеу.
Сондай-ақ жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында негізгі құралдарға түгендеу жүргізілмегені анықталды. Көлік құралдарын іріктеп тексеру барысында автомобильдердің нақты сәйкестендіру деректері мен техникалық паспорттарда көрсетілген мәліметтер арасында алшақтықтар анықталды. Атап айтқанда, шасси мен шанақ нөмірлерінің, сондай-ақ көлік құралдарының бірінің түсі бойынша сәйкессіздіктер тіркелді.
Аталған мән-жайлар ішкі бақылауды күшейту, бухгалтерлік есептің сапасын арттыру және шаруашылық операцияларын тиісті құжаттамалық ресімдеуді қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді.
Аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою қамтамасыз етілді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жылдық қаржылық есептілікте 170 066,9 мың теңге сомасындағы қорлар дұрыс көрсетілді.
Сонымен қатар негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 5 669,6 мың теңге, оның ішінде іссапар шығыстары, еңбек демалысына байланысты төлемдер және басқа да сомалар жергілікті бюджет кірісіне қайтарылды.
Осылайша, аудит нәтижелері қаржылық есептіліктің анықтығын қалпына келтіруге және негізсіз пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдауға ықпал етті.
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы Ж.Адылбек
По результатам государственного аудита финансовой отчетности Управления природных ресурсов области Жетісу выявлены нарушения и приняты меры по их устранению
В рамках государственного аудита финансовой отчетности за 2025 год проведен аудит Государственного учреждения «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования области Жетісу» (далее — Управление).
В ходе аудита установлены нарушения и недостатки, связанные с ведением бухгалтерского учета, формированием финансовой отчетности, соблюдением трудового и бюджетного законодательства, а также организацией внутреннего контроля в подведомственных государственных учреждениях.
Одним из существенных нарушений стало неотражение в бухгалтерском учете зеленых насаждений, предназначенных для реализации. По состоянию на первое полугодие 2025 года их общая стоимость составила 170 066,9 тыс. тенге. В результате были искажены данные бухгалтерского учета и финансовой отчетности, в том числе показатели баланса.
Кроме того, выявлены отдельные факты необоснованного расходования бюджетных средств, в том числе:
- неправомерное представление счета к оплате при приобретении запасов на сумму 176,7 тыс. тенге;
- нарушения порядка удержаний за неиспользованную часть трудового отпуска при отзыве работников из отпуска на сумму 1 756,451 тыс. тенге;
- необоснованная доплата за совмещение должностей отдельным работникам на сумму 1 309,892 тыс. тенге;
- завышение должностного оклада работнику при отсутствии подтверждающего документа о высшем образовании, повлекшее необоснованную выплату заработной платы на сумму 1 728,830 тыс. тенге;
- необоснованное перечисление командировочных расходов на общую сумму 697,8 тыс. тенге;
- неправильное отражение первоначальной стоимости основного средства в бухгалтерском учете на сумму 142,0 тыс. тенге.
Также» установлено отсутствие инвентаризации основных средств перед составлением годовой финансовой отчетности. При выборочной проверке транспортных средств выявлены расхождения между фактическими идентификационными данными автомобилей и сведениями, указанными в технических паспортах. В частности, установлены несоответствия номеров шасси и кузова, а также цвета одного из транспортных средств.
Указанные обстоятельства свидетельствуют о необходимости усиления внутреннего контроля, повышения качества бухгалтерского учета и обеспечения надлежащего документального оформления хозяйственных операций.
По результатам аудита обеспечено устранение выявленных нарушений. По состоянию на 31 декабря 2025 года в годовой финансовой отчетности достоверно отражены запасы на сумму 170 066,9 тыс. тенге.
Кроме того, необоснованно перечисленные бюджетные средства на общую сумму 5 669,6 тыс. тенге, включая командировочные расходы, выплаты, связанные с трудовыми отпусками, и другие суммы, возвращены в доход местного бюджета.
Таким образом, результаты аудита способствовали восстановлению достоверности финансовой отчетности и принятию мер по возврату необоснованно использованных бюджетных средств.
Руководитель отдела аудита соотвествия Департамента внутреннего государственного аудита по области Жетісу Ж.Адылбек
