
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Алакөл ауданының прокуратурасы, Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімі, «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Алакөл аудандық филиалы және «Jetisu Jastary» КММ-нің «Alakol jastary» филиалының бірлескен ұйымдастыруымен пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың негізгі мақсаты – пробация есебінде тұрған азаматтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Спорттық сайысқа 25 азамат қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар:
қол күресі (армрестлинг);
гір тасын көтеру;
арқан тарту;
асық ату спорт түрлері бойынша жарысты
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама қағаздарымен және медальдармен марапатталды.
