Сонау 1918 жылдан тамыр тартатын Жедел іздестіру қызметіне биыл 100 жыл толды. Айтулы датаны аудандық ішкі істер бөлімі жоғару деңгейде атап өтті.
Аталмыш мерекеге орай аудандық ІІБ-нің мәжіліс залында осы саланың ардагерлері мен белді қызметкерлеріні басын қосқан салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Сөз алған аудандық ІІБ-нің бастығы, полиция подполковнигі А.Абдрахманов Жедел іздестіру қызметінің тұрғындар тыныштығын сақтау мен қалмыстың ізін суытпай ашуда үлкен рөл атқаратынын сөз етіп, ішкі істер бөлімі ардагерлеріне мен үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар мен мақтау грамоталарын табыстады.
Келесі болып ізгі тілектің тізгінін ұстаған аудандық ІІБ ардагерлер кеңесінің мүшесі, ауданның Құрметті азаматы, запастағы полиция подполковнигі Б.Құсбеков уақытпен санаспай, түрлі қиындықарға қарамастан қарапайым халықтың мүддесі үшін бар ерік-жігерлерін сарп етіп жүрген тәртіп сақшыларын мерейтоймен құттықтап, бірнеше азаматтың кеудесіне «Жедел іздестіру қызметіне – 100 жыл» төсбелгісін тақты.
Артынша ІІБ-нің жас қызметкері, ақпараттық-аналитикалық тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ж.Дүйсембинов, 2484 әскери бөлімі командирінің орынбасары, полковник Р.Важитов сөз алып, мойындарына сыны мен сұранысы ауыр жауапкершілік артылған полиция қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтап, ақ тілектерін ағытты.
Жиынды қорытындылаған аудандық ІІБ-нің бастығы, полиция подполковнигі А.Абдрахманов әріптестерінің алдағы істеріне қырағылық, төзімділік, табандылық тілеп, Қазақстанның дамуы жолында аянып қалматындарын жеткізді.
А.ЕСЕНБЕКОВ.