Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Дін және қоғам
      • Заң және тәртіп
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Сайлау-2025
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 18. 09. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Дін және қоғам
    • Заң және тәртіп
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Сайлау-2025
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Жаңа бағдарламаның жасампаз жақтары

Шыны керек, қазіргі таңда қазақстандықтардың санасына салмағын батырған басты тақырып – баспана мәселесі. Пәтер жалдап, бірді-бірге жалғап жүрген көптеген отандастарымыз бір бөлмелі болса да тұрғын үйге ие болу үшін күн-түн демей еңбектенуде. Нарық заманында қарапайым халықтың тірнектеп жиғандары баспана құнына жетпей, көптеген азаматтардың сағы суға кеткені де белгілі.

Бұл түйіткілді мәселенің шешімін Елбасы Н.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде көрсетті. Ол «7-20-25» бағдарламасы.

Аталмыш жоба жөнінде естіп, білгендер аз емес. Бағдарламаның бағытын бағдарласақбаспана алуға берілетін несие өсімінің мөлшерлемесі 14-16 пайыздан 7-ге төмендетіліп, үстеме қаржы көлемі екі есеге азайтылды. Бұл әр қазақстандықтың қалтасына түсер жүктің салмағын кемітті. Сонымен қатар банктер баспана иемденуге бағытталған бастапқы жарнаға үйдің құнының 30-дан 50 пайызын салуды талап етсе, енді осы бағдарлама арқылы алғашқы төлем 20 пайыздан аспайтын болды.  Сондай-ақ несие алушының ай сайынғы салым мөлшерін азайту мақсатында қарыз алу мерзімі 10-15-тен 25 жылға дейін ұзартылды.

Ендігі сауал, «Кім, қалай, қандай бағамен пәтер алады?»

Жаңа ипотекалық бағдарламаға Қазақстанның кез келген қаласындағы тұрақты жұмысы немесе бизнесі бар адам қатыса алады. Бірақ олардың  атына тіркелген баспанасы болмауы шарт. Және де несие тарихы барынша «таза» болу керек.

Қарыз алуға өтініш берген адамның жеке басының мәліметтері ғана қаралады. Өз атына тіркелген жылжымайтын мүлігі жоқ болса жеткілікті. Ал жақын туыстарының, балаларының, әйелінің немесе күйеуінің, ата-анасының атындағы баспана бағдарламаға қатысуға кедергі бола алмайды.

Мәселен, максималды 25 жылға 20 миллион теңгенің пәтерін алсаңыз, үйдің алғашқы 20 пайыз жарнасы — 5 млн теңге, ал ай сайынғы төлем 140 мың теңгеден сәл асады. Ал 15 млн теңгеге пәтер аламын деген адам 3 млн теңге алғашқы жарна салып, ай сайын 85 мың теңге төлейді.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының операторы ретінде жаңадан ұлттық компания құрылды. Ол Ұлттық банктің еншілес «Баспана» деп аталатын компаниясы. «Баспана» операторы «7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотека беретін 7 банкпен келісімшартқа қол қойған.

Олар: Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, RBK, Халық банк, Цесна банк және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Енді аталған банктердің бөлімшелеріне барып, жаңа ипотекалық бағдарламаға құжат тапсыра берсеңіз болады. Жыл соңына дейін бұлардың қатарына Сбербанк пен Форте банк қосылады.

Ең басты жаңалық бастапқыда бағдарлама арқылы тек жаңа үйлердегі пәтерлер ғана сатылады. Екінші деңгейлі пәтерлерді сатып алу бағыты кейін жүзеге асырылмақшы.

Ұлттық банк пен Үкімет құрылысы толық аяқталмаған және құжаты дайын емес үйлердегі пәтерлерге ипотека берілмейді дейді. Ипотека алу үшін банкке барғанда үйдің құжаты міндетті анықтама болып есептелген. Сондықтан «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй аламын десеңіз, қалаңыздағы жаңа тұрғын үй кешендерінен пәтер іздеу керек.

Үй құжатынан басқа, азаматтың кірісі туралы анықтама, басында басқа ипотека бойынша қарызы жоқ деген мәлімет және жазғанымыздай, баспанасы жоқ екендігін растайтын анықтама әкелу керек.

А.ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Дін және қоғам
  • Заң және тәртіп
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Сайлау-2025
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov