
Сіздерді ұлттық мемлекеттілігіміздің мерейін асқақтатып, тәуелсіздігіміздің тұғырын айқындайтын ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – халқымыздың азаттыққа деген асыл арманын айшықтап, елдігіміздің жаңа белесін айқындаған тарихи күн. Бұл мереке – тәуелсіздігіміздің қадірін терең сезініп, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді арттыратын, ортақ құндылықтарымызды ұлықтайтын ерекше күн.
Елдің берекесі – бірлікте, қоғамның тірегі – отбасыда, ұрпақтың болашағы – тәрбиеде. Ана мен отбасының қадірін арттырып, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені өнегелі ұрпақ – ел ертеңінің кепілі, ал берік отбасы – мемлекет тұрақтылығының негізі.
Қасиетті Алакөл өңірінің әр шаңырағында шаттық пен береке орнап, әр отбасында татулық пен сыйластық салтанат құрсын! Ауданымыз өркендеп, тұрғындарымыздың әл-ауқаты артып, игі бастамаларымыз ел игілігіне қызмет ете берсін.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Еліміздің аспаны ашық, болашағы жарқын, ұрпағының келешегі кемел болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, егемендігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың абыройы асқақтай берсін!
Республика күні құтты болсын!
Ұлжалғас Бурасанқызы,
Алакөл ауданының Құрметті азаматы, Алакөл аудандық аналар кеңесінің төрайымы.
