Сапақта спорт алаңы ашылды

Елбасы Н.Назарбаев 2020 жылға дейін қазақстандықтардың кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортпен шұғылдануға тартуды басты міндеттердің қатарына қойған болатын. Себебі дені сау ұлт мемлекеттің берік ірге тасының қалануың негізі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау, халықты спортпен шұғлдануға тарту мақсатында көптеген ілкімді дүниелер іске асып, ауқымды жобалар бір жүйеге келтірілген.

 

Осы бағыттағы жоспарлар легін жүзеге асыру міндеті қойылған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы да уақыт өткен сайын өзінің тиімділігін көрсетуде. Қазақстанның түкпір-түкпірінде, әсіресе қазақ руханиятының алтын бесігі саналатын ауыл аумақтарында спорт алаңдары салынып, тұрғындардың, ең маңыздысы жастардың бос уақыты пайдалы дүниеге жұмсалуда.

Былтыр аудан бойынша бірнеше округте аталмыш бағдарлама аясында спорттық алаңдар ашылып, ауылдарды дамытудың алдыңғы қадамдары істелуде.

Жуырда Сапақ аулының да тұрғындарының қуанышы еселеніп, мектеп маңына заманауи сұраныстарға сай спорт алаңы мен балалардың ойын алаңқайы салынып, қолданысқа берілді.

Сөз алған аудан әкімі Ә.Жақанбаев спорттың маңызы мен өзектілігін сөз етіп, округ тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, ауылдарды өркендету бағытында әлі де талай жұмыстыр атқарылатынын жеткізді.

Келесі болып ізгі ниеттің тізбегін жалғаған Сапақ ауылдық округі ақсақлдар кеңесінің мүшесі Т.Нұрмұханұлы аталмыш алаңның салынуына ұйытқы болған азаматтарға халықтың алғысын жаудырып, ақ батасын берді.

Артынша ақ жаулықты әжелер шашу шашып, қос алаңның лентасы қиылды.

Екі нысан да соңғы уақыттың сұраныстарына сай салынған. Ауа райы, уақыт сынды сынақтарға төзімді. Қар, жаңбыр, боран, күннің ыстығы іспеттес табиғи құбылыстарға да тиісінше шыдас бере алады. Жобалардың жалпы құны  10 млн. 500 мың теңгені құрайды.

 

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: