«Мерейлі отбасы – 2026»: отбасымыз үшін тарихи әрі мақтанышқа толы сәт!

Астана қаласында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының республикалық кезеңі қорытындыланып, еліміздің әр өңірінен іріктелген үздік 20 отбасы салтанатты түрде марапатталды.

Биыл Жетісу облысының атынан қатысқан біздің Еркеновтер әулеті де осы мәртебелі марапатқа ие болды.

Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев отбасы институтының қоғамдағы маңызына тоқталып, отбасы құндылықтарын сақтау мен ұрпақ тәрбиелеудің ерекше рөлін атап өтті.

Жетісу облысының келген отбасына марапатты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымындағы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов табыстады.

Бұл марапат – бір отбасының ғана емес, ұрпақ сабақтастығын сақтап, бірлік пен татулықты ту еткен барша әулеттің еңбегіне берілген баға деп білеміз.

Отбасы – елдің тірегі, ұрпақ – ұлттың болашағы! 🇰🇿

МерейліОтбасы2026 #ЖетісуОблысы #КөксуАуданы #ОтбасыҚұндылығы

Мәліметпен бөлісу: