Қоғамның сана-сезімін жаңғыртпақ

   Бүгінгі күн — айналамыздағының бәрі ерекше жылдамдықпен өзгеріп жатқан уақыт. Елбасы Н.Назарбаевтың  ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғаның бірі болып табылатын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында өткен жүз жылдықтың ортасына дейін ғасырлар бойы біздің халқымыздың  туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі  жоқ  экологиялық  өмір салтын ұстанып келгенін есімізге түсіреді.

Мемлекет меншігіне жататын табиғи ресурстар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс. Бұл орайда, осы байлықтарымызды үнемді және оңтайлы пайдалану, агропогендік факторларды азайту және алдын алу арқылы ұстамдылық пен үнемшілдікті үйренуіміз керек.

Табиғи  ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және  маңызды құраушысы болып, экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық  және сыртқы саяси уағдаластықтарды  қамтамасыз ету үшін маңызды стратегиялық басымдығы бо-лып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс. Минералдық ресурстарөз кезегінде әлемдік өнеркәсіп өндірісінің, ғаламдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жасампаз негізі. Кез келген мемлекеттің, әсіресе Қазақстанның тұрақты дамуының шарттары бірнеше макроэкономикалық міндеттерді алға тартады, олардың арасында бірінші кезектегісі ұлттық резервтің негізі, ұлттық экономи-каның барлық салаларының жеделдете дамуы үшін маңызды база — минералдық шикізат кешенінің жоғары әлеуетін қолдау және дамыту болып табылады.

Табиғи ресурстарды үнемді пайдалануда жерді мелиорациялау шараларының, егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды оңтайлы  және ауыспалы пай-далану, ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор. Жаңа инновациялық интенсивтік агротехникалық әдістерді, атап айтсақ топырақты нөлдік өндеу, спутниктік егістікті бақылау,  тамшылап суару әдістерін қолдану қажет.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Қазақстан — қарыштап дамып келе жатқан мемлекет.

Сондықтан да Ұлт көшбасшысы енді экономикалық өсіммен қатар қоғамның сана-сезімі де жаңғыруы тиіс екендігін  үндеп отыр.

 

  Р.Құрмаев

Лепсі ауылдық округінің әкімі.

 

 

 

 

Мәліметпен бөлісу: