Тәуелсіздігіміздің соңғы он жылдығында Алакөл жағалауының келбеті айтарлықтай өзгерді. Бүгінгі таңда суы шипалы көлімізге еліміздің түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден де келушілер саны артуда.Бұл Алакөл отандық туризмнің бірегей нысанына айналғандығының дәлелі. Себебі биыл айдынды шалқар көліміз 1 миллионнан астам туристерді қабылдады. Және ағымдағы жылы ақылы қызметтен түскен қаржы мөлшері 5 млрд. 811 млн теңгеге жетті. Бұл айдынды өңіріміз үшін өте жоғары көрсеткіш болып табылады.
Енді міне, көл жағалауы тұрғындардың қазіргі талабына сай өзгеріп, абаттандыру жұмыстары қолға алынып отыр.Алакөл тек Алматы облысының ғана емес, республика деңгейіндегі ірі туристтік бағыттың бірі болып есептелетінін жоғарыда айтылды. Қазіргі таңда Ақши ауылында абаттандыру және көгалдандыру бойынша қолға алынған бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, 2017-2018 жылдары аталмыш елді мекенде 20 мың түп әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылып, автомобиль жол бойларына түнгі жарықтандыру жүйелері орнатылған. Ауыл ішіндегі тұрғын үйлер қоршауын бірыңғайландыру мақсатында жалпы ұзындығы 2,5 км құрайтын қоршау тұрғызылған. Сонымен қатартуристерге арналған демалыс паркінің, көл жағалауын орталықтандырылған ауыз су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Ауыл ішінде 23,78 шақырым жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолының құрылысына 2,94 млрд. теңге жұмсалды.
Алакөл – Қазақстанның әдемі, киелі мекені. Шипалы суға жыл сайын мыңдаған саяхатшылар мен демалушылар келіп, дертіне дауа іздейді, жағалауында тынығады. Енді Алакөлге ат бұрып, табан тіреушілер саны еселеп артатын болды. Себебі мұнда заман талабына сай туристерге жаңа жағдайлар қалыптасуда. Қасиетті өңіріміздің туризмін дaмытуғa бағытталған тaлпыныстaр мeн игі қaдaмдaр жaлғaсын тaбaтын болсa, өңіріміздің ажары кіріп, көркeйe түсeрі aнық.
М.НҰРҚАСЫМОВА.