
Өмірбаяны
Мен, Көкебаев Қайрат Төребайұлы, Қызылащы ауылында туып-өстім. Аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелерді жақсы түсінемін. «Әділет» партиясы Алакөл аудандық филиалының төрағасы ретінде ауданның дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және халықтың мүддесін қорғауға ерекше мән беремінЖолдардың жағдайы, сапалы ауыз су, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастардың болашағы – әрбір елді мекен үшін маңызды мәселелер.
Сайлауалды бағдарламасы
Үшарал қаласының ішкі көшелері мен көлік қатынасына қатысты тұрғындар ұсынысын жүйелі көтеремін. Аудан жол картасында 2029 жылға енгізілген Үшарал қалаішілік маршруттық жолаушылар тасымалдау көлігін жүргізу мәселесінің іске асырылуына үлесімді қосамын.
Үшарал қаласында 2027–2028 жылдарға көзделген газ желісі жобаларын бақылауды жүзеге асырамын. Мәметова, Әуезов, Айманов көшелеріндегі 4 км, Панфилов, Амангелді, Жастар көшелеріндегі 3 км жарықтандыру жоспарының мерзімі мен сапасына назар аударамын
Үшаралдағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының ашық әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Қала кәсіпкерлері үшін қызмет көрсету сапасын арттырып, жылына 5 сауда және жаңа өндіріс жобаларын іске қосу жұмыстарын жүргіземін.
Партияның «Ауыл Аманаты» жобасы аясында жұмыссыз жас отбасыларына несие алуға ықпал етемін. Үшарал қалалық округі аумағында орналасқан ауылшаруашылығымен айналысатын жеке шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үшін егістікті тамшылап суару технологиясының еңгізілуін әрі қарай жетілдірілуіне және саланы цифрландыру мәселелеріне үлесімді қосамын.
Үшарал қаласындағы шағын және орта бизнесті, төменгі пайызбен несиелендіру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға қол жеткізу арқылы халық табысын молайту аясында жұмыстар атқарамын.
Үшарал қаласында 200 төсек-орындық аудандық аурухана құрылысы мен операциялық блокты жаңғырту, аудандық емхананы күрделі жөндеуін күш саламын. Қала тұрғындарына дәрігерлік көмектің қолжетімділігіне мән беремін.
Үшарал қаласында 600 орындық жаңа мектеп салу, қалалық №2 орта мектепті күрделі жөндеу жоспарының орындалуын қадағалауды мақсат етемін. STEM, робототехника кабинеттері мен оқушы қауіпсіздігіне басымдық беремін.
Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуына ықпал етемін.
Үшарал қаласы мектептеріндегі жоғары жылдамдықты интернет сапасын, цифрлық ресурстардың қолжетімділігін бақылауды қолдаймын. Білім сапасын талдау, баланың қауіпсіздігі және ата-анамен кері байланыс жүйелерін дамытуға мән беремін.
Үшарал қаласында 2029 жылға қарай жылы бассейн салуын көтеремін. «Таза Қазақстан» аясында қаланың көшелерін көгалдандыру мен тазалықты ұдайы назарда ұстауды жүзеге асырымын және 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кәсіпорынын іске қосуды қолға аламын.
