
Өмірбаяны
Мен, Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы, Бескөл локомотивтік айналым депосы басшысының орынбасары қызметін атқарамын. Бескөл ауылында туып-өстім. Еңбек жолымда жауапкершілік пен тәртіпті басты қағида етіп ұстанып келемін. Ақтүбек ауылдық округінің аудандық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді мақсат етемін.
Сайлауалды бағдарламасы
Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелердің жағдайын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтеру. 2027 жылы Бескөл ауылындағы Ә.Қабанбаев көшесіне 2 км асфальт төселуіне ықпал етемін.
Ақтүбек ауылында 2026 жылы 12 км, 2027 жылы 30,4 км газ желісін салуға күшімді саламын. Ауызсу сапасы мен электрмен жабдықтау тұрақтылығын жақсарту мәселелерін көтеру.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындарға жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге және шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетемін. Жергілікті кәсіп бастамаларын қолдап, ауыл экономикасының дамуына ықпал етемін.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуді дамытуға, шаруаларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беруге және жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуге ықпал етемін.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 5 шағын өндіріс пен отбасылық кәсіптің дамуына қолдау көрсетемін. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға және кәсіби оқыту бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. Жергілікті кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға күш саламын.
Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуді көтеремін. Осы жобаның орындалу барысын бақылауға, медициналық қызмет сапасын жақсартуға және тұрғындарға қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. 2028 жылы Ақтүбек ауылында емдік санатория салынуына ат салысамын.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, заманауи оқу кабинеттерімен жабдықтауға және жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етемін. Балалардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына басымдық беремін. 2027 ж М.Әуезов атындағы мектепке күрделі жөндеу жумыстары жүргізілуіне ықпал етемін..
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау шараларының қолжетімді болуына ықпал етемін. Мұқтаж отбасыларға көмек көрсету және балаларды мектепке дайындау жөніндегі бастамаларды қолдаймын.
Интернет пен ұялы байланыс сапасын жақсарту мәселелерін көтеремін. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге және цифрлық сауаттылығын арттыруға ықпал етемін.
Көшелерін абаттандыруға, жарықтандыруға, көгалдандыруға және тазалықты сақтауға бағытталған жұмыстарды қолдаймын. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарды экологиялық бастамаларға тартып, ауылдың көркін жақсартуға күш саламын.
